Астанадағы түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткіге жатпайтын, алайда күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы анықталды деп хабарлайды 24KZ.
Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары түнгі ойын-сауық орындарының бірінен «шар» деп аталатын заттардың барда тікелей сатылғанын анықтады. Ал оларды пайдалану үшін келушілерге арнайы бөлме бөлінген.
Тексеру кезінде үш баллон және сатуға дайындалған «шарлар» тәркіленді.
Оларды сатуға қатысы бар деген күдікпен ойын-сауық орнының 22 жастағы әкімшісі ұсталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция күшті әсер ететін заттарды заңсыз айналымға шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, санаға әсер ететін мұндай заттар адамның психикалық және физикалық денсаулығына қауіп төндіреді.
Тегтер #Түнгі клуб #шар #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz