Қызылорда облысында ғимараттағы лифтіде сөзге кеп қалғандардың әрекеті төбелеске ұласқан. Жергілікті тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осындай келеңсіздікті анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Олар осы әрекетімен лифтідегі басқа адамдарға қауіп төндірген. Бейнежазбаның соңында азаматтар бұл әрекеттің пранк екенін айтқан. Аталған дерек бойынша Қызылорда қаласының Нұрсұлтан Қасымбек есімді 20 жастағы тұрғыны полицияға жеткізіліп, сот шешімімен оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, — делінген облыстық полиция таратқан хабарламада.
Полиция мұндай орынсыз әзілдер заңға қайшы екенін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға үндеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қызылорда облысы #пранк #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz