RU
Толық нұсқаға өту

Бүгін - Халықаралық Жастар күні

12.08.2026, 15:10 42

Алдағы он жылда елде ІТ, медицина және мұғалімдерге сұраныс артады.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай болжам жасады.

Нарықтағы өзгерістерге сай сұранысқа ие мамандарды даярлау және жастарды жаңа кәсіптерге бейімдеу бағытында қазірдің өзінде бірқатар жоба қолға алынған. Соның бірі – Астанадағы «Joltap» жобасы. Оның аясында елордалықтар тегін білім алып, жаңа мамандықтарды меңгеріп жатыр. Ал өңірлерде цифрлық жұмыспен қамту жобалары іске қосылған.

Айнұр Битакова балалар психологы. Бірнеше жылдан бері бүлдіршіндермен жұмыс істейді. Бірақ жақында ол жаңа мамандықты меңгеруге бел буған. Бас қалада ашылған Joltap курстарына жазылып, үш аптадан бері тігіншілікті үйреніп жүр.

Айнұр Битакова, Joltap жобасының қатысушысы:

- Өзімнің қазақша орнаментпен көйлектер тігейін деп едім. Кішкентай балаларға, сосын өзіме. Негізі өзіме ұнайды тіккен. Әдемі ғой. Міне, үшінші апта болды. Соңғы апта. Өте ұнайды кураторымыз.

Joltap жобасы 3 жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған. Бұл бастама елордалықтарға тегін оқуға мүмкіндік береді. 16 жастан асқан келген азамат өзін қызықтырған бағытта оқудан өтеді.

Аружан Мұхамеджан, Joltap жобасының қысқа мерзімді оқу бөлімінің менеджері:

-  Қазіргі таңда біздің жобада 21 мыңнан астам оқуды бітірді. Оның басым бөлігі – жастар. Бізде оқу оффлайн түрде. Жобаның басты мақсаты – ол Астана қаласының тұрғындарына мамандықты қысқа мерзімде меңгеріп, практикалық блім алып, кейін өз табысын арттыру. Joltap жобасы аясында оқу тегін.

Қазір жобада 18 бағыт бойынша курстар бар. Оның 13-і жұмысшы мамандықтар болса, қалғаны цифрлы дағдылар бойынша жүргізіледі. Оқу ұзақтығы 5 күннен 22 күнге дейін. Жоба жетекшілерінің айтуынша, жастар арасында жиһаз жинау, тігінші, сәнгер, таргетолог мамандықтары сұраныста.

Аружан Мұхамеджан, Joltap жобасының қысқамерзімді оқу бөлімінің менеджері:

- Оқудан өту үшін біздің модульдік пунктке келіп жазылу керек. Ол үшін сіз Астана қаласының тұрғыны болу керексіз және әр мамандықтың өзінің жас ерекшелігі бар соған сай болу керексіз. Нарықты зерттейміз. Қандай мамандық сұранысқа ие, сол бағыттар мамандықтар бойынша курстарды жүргіземіз.

Ал Павлодар облысында цифрлық жұмыспен қамту қызметі қолға алынған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрлігінің мәліметінше, пилоттық жоба нарық талабына сәйкестендірілген. Ол жасанды интеллект бағытында азаматтарды оқытып, Қазақстандағы және шетелдегі кәсіпорындарда жұмыспен қамтумен айналысады.

Сисен Нысанбай, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің басқарма басшысы:

-  Бүгінгі таңда жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы қарастырылған. Оның ішінде Еңбек министрлігі тарапынан жастар практикасы. Яғни оқу бітіргеніне 5 жыл толмаған, еңбек өтілі жоқ жастар үшін еңбек өтілін жинауға жастар тәжірибесі бағдарламасы қолданылып келеді. оның жалақысын толықтай мемелкет субсидиялайды. Әрі қарай жұмысқа орналасу бойынша кез келген  мамандықтар бойынша кәсіпорындарға жіберіледі.

2025 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% болса, биылғы жарты жылда 3%-ға дейін төмендеген. Демек 4 мыңнан астам жас азамат еңбекпен қамтылған. Ұлттық статистиканың ақпараты осындай. Ал еңбек министрлігінің хабарлауынша, 2026-2035 жылдар аралығында нарыққа 3 млн жуық кадр қажет болады. Оның ішінде, ІТ, медицина және білім беру саласындағы мамандарға сұраныс жоғары болады.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Самат Қазанбаев, Санжар Біргебаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz