Ақтөбеде әскери ұшқыштарды даярлайтын институтқа 500-ден астам талапкер құжат тапсырған.
Қазір әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында үміткерлерді қабылдау жүріп жатыр. Болашақ курсанттар бірнеше сынақтан өтуі тиіс.
Талапкерлер «Айбын» әуе айлағында емтихан тапсырады. Әскери институттың жаттығу алаңына ұшып-қонып жүрген тікұшақтар болашақ ұшқыштарды ынтасын арттырып, арманға жетелей түседі. Бірақ кешегі мектеп түлектері курсант атануы үшін бірнеше сыннан мүдірмей өтуі тис.
Асылбек Коханов, Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты баспасөз қызметінің бастығы:
- Сынақтар негізіне бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім психологиялық тест болса, екінші бөлімде - екінші медицинадық тексерістерден өтеді. Үшінші бөлім өзіңіз көргендей, дене дайындықтарына сынақтарын тапсырады. Яғни нормативтерді. Осы жылы енді 200-ден аса курсантты қабылдаймыз деген жоспар бар.
Әскери институтқа түсуге 525 талапкер құжат тапсырған. Елдің барлық өңірінен келген түлектер бақ сынап жатыр. Сонымен қатар Отан алдында борышын өтеп қайтқан 20 сарбаз мемлекеттік грант аясында жолдама алып, оқуға түсіп жатыр.
Миржан Сұлтанов, талапкер:
- Осы институтқа мен Президенттік полк «Батыр» әскери бөлімінде борышымды өтеп, «Срочник 2,0» бағдарламасы бойынша грант иегері атандым. Осы әскери ғұмырды армия кезінде көрдім. Ондай қиындықтар туындап жатқан жоқ. Барлығы өз борышымды өтеп жатқан кездегідей болып жатыр.
Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтында қос дипломды оқыту жүйесі бар. Мысалы болашақ әскери дәрігерлер Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде де оқиды. Сондықтан соңғы жылдары әскери қызметке қызығушылық танытқан қыздар қатары да артып келеді.
Ақгүл Рақымжан, талапкер:
- «Жас Сарбаз» қозғалысының жыл сайын республикалық, халықаралық деңгейде өткізілетін «Айбын» әскери-патриоттық қолданбалы жастар жиыны осы мамандыққа түсуіме, осы мамандықты таңдауыма өзінің септігін тигізді. Ел адында әскери тізгінді ұстайтын төзімді, білікті мамандардың деңгейі қажет. Сол үшін осы мамандықты таңдадым. Ақ халатты абзал жанның біріне айналып, Отан үшін қызмет еткім келеді.
Қос дипломды білім беру жүйесі бойынша болашақ әскери-теңіз күштерінің офицерлері де оқиды. Жалпы ұшқыштар мен борт-инженерлерді жарты ғасырдан астам даярлап келе жатқан института қазір 8 мамандық, 16 құзыреттілік бар.
Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақтөбе #әскер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz