RU
Толық нұсқаға өту

Онкологтар өкпе обырының 70 пайызы кеш анықталатынын мәлімдеді

12.08.2026, 23:20 36

Қазақстанда өкпе обырының 70 пайызы 3-ші не 4-ші сатысында анықталады. Себебі науқастар дәрігерге ауруы асқынғанда келеді. Осы жәйт емдеуді қиындатып отыр.

Бұл туралы Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте онкологтар мәлімдеді. Қазір елде өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін тегін диагностика жүргізіліп жатыр. 10-шы тамызда басталған тексеру 15-не дейін барлық емханаларда өтеді. Скрининг компютерлік томография арқылы жасалады. Ол ең алдымен, 50 жастан асқан азаматтар мен зиянды өндірісте еңбек ететіндерге арналған. Ал түсірілген кескіндер «Қазақ онкология және радиология» ғылыми-зерттеу институтының мамандарына қосымша сараптамаға жіберіледі.

Жандос Аманқұлов, «Қазақ онкология және радиология» ҒЗИ бөлім меңгерушісі:

- Компьютерлік томография көлемі 2-3 миллиметр болатын өкпе түйіндерін анықтайды. Осылайша, ауыр дерттің белгісін ерте көре аламыз. Нәтижесінде онкологиялық аурулардан, соның ішінде өкпе обырынан болатын өлімді азайтуға мүмкіндік бар.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz