Астанада шетелдік стример қыз тікелей эфирде айтқан арандатушылық сөздері үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды «24KZ» Астана полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде оның эфирлерінің жазбаларын тауып алған. Трансляция кезінде стример Қазақстан тұтастығы туралы сөз қозғап, ел азаматтарына, мәдениеті мен салтына құрметсіздік танытқан. Дегенмен өзі жақында ғана Ресейден көшіп келген.
«Сот шешімімен шетелдік азаматшаға әкімшілік айыппұл салынды. Заңға сәйкес оның елден шығарылуы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ оған Қазақстанға кіруге 5 жылға шектеу қойылады», – деп хабарлады Астана полициясы.
Полиция өкілдері шетелдік азаматтар Қазақстанда болған кезінде ел заңдары мен әдеп нормаларын қатаң сақтауы тиіс екенін ескертті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Ресей азаматы #сот шешімі #елден қуылды #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz