RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда Telegram жұмысындағы ақауға қатысты жаппай шағым түсті

13.08.2026, 12:15 59

Қазақстандық қолданушылар Telegram мессенджерінің жұмысында ақау пайда болғанын жаппай хабарлап жатыр. Ақаулар туралы Detector404 порталының деректері де растап отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Ақауларды бақылау сервисінің мәліметінше, соңғы бір сағатта Telegram жұмысына қатысты шағымдардың ең көбі Астана қаласынан түскен. Халық саны ескерілгенде, елордаға барлық шағымның 35 пайызы тиесілі.

Одан кейінгі орында Қарағанды облысы – 12 пайыз, Павлодар облысы – 9 пайыз, Қостанай облысы – 8 пайыз және Шығыс Қазақстан облысы – 7 пайыз тұр.

Қолданушылар Telegram мобильді қосымшасының жұмысында ақау барын хабарлаған. Соңғы 24 сағаттағы шағымдардың 58 пайызы осы мәселеге қатысты.

Тағы 38 пайыз қолданушы хабарламалар мен ескертулерге қатысты қиындықтарға тап болған. Ал 3 пайыз қолданушы сервистің жалпы жұмысында ақау барын хабарлаған.

Операциялық жүйелер бойынша шағымдардың басым бөлігі iOS қолданушыларына тиесілі – 43,5 пайыз.

Одан кейін:

·         Android – 35,1 пайыз;

·         Windows – 16,6 пайыз;

·         Mac OS X – 3,8 пайыз;

·         басқа құрылғылар – 1 пайыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz