Қазақстандағы Telegram қолданушылары мессенджердің жұмысында ауқымды ақауға тап болды. Жағдайға ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ түсініктеме берді, деп хабарлайды 24KZ.
Министрліктің мәліметінше, техникалық мамандар ақаудың себептерін анықтап жатыр.
Ал «Қазақтелеком» мониторинг нәтижесінде Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі халықаралық пиринг нүктелерінде Telegram бағытындағы трафиктің күрт төмендегенін тіркеген.
Сонымен қатар оператордың өз инфрақұрылымында ешқандай ақау анықталмаған.
«Қазақтелекомның» мәліметінше, компанияның жауапкершілік аймағында апат, техникалық ақау немесе инфрақұрылым жұмысына қатысты ішкі бұзушылықтар тіркелмеген. Оператор желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Жағдайдың нақты себептерін анықтау үшін компания Telegram-ның әкімшілік-техникалық тобына ресми сауал жолдаған.
Еске салайық, 13 тамыз күні таңертең Қазақстандағы Telegram қолданушылары мессенджердің жұмысына қатысты жаппай шағымдана бастаған. Атап айтқанда, хабарлама жіберу және медиафайлдарды жүктеу кезінде қиындықтар туындаған.
Шағымдардың ең көбі Астана, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарынан түскен.
Тегтер #Telegram #министрлік #Қазақтелеком #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz