RU
Толық нұсқаға өту

Жастар, отбасы және Қазақстандағы демографиялық даму

13.08.2026, 17:35 36

Қазақстанда ЮНФПА-ның отбасы және жастардың демографиялық болашағы туралы жаһандық зерттеуінің нәтижелері таныстырылды.

Зерттеуге 73 ел мен аумақтан 18–39 жас аралығындағы 108 мыңнан астам интернет пайдаланушы қатысқан. Сауалнама көрсеткендей, азаматтардың үштен екісінен астамы некеге тұруды немесе серіктесімен бірге тұруды қалайды.

Респонденттердің 81%-ы қаржылық тұрақтылықты серіктестік қарым-қатынас құрудың маңызды шарты деп санаса, 88%-ы оны ата-ана болу туралы шешім қабылдаудың маңызды бөлігі деп есептейді. "Бұл деректер қазіргі демографиялық үдерістерді тек туу мен некелесу көрсеткіштері арқылы түсіндіру жеткіліксіз екенін көрсетеді", дейді мамандар. Жастардың отбасын құруға қатысты шешімдеріне жұмыспен қамту сапасы, табыс деңгейі, тұрғын үй жағдайы, құндылық ұстанымдары мен болашаққа деген сенімі барған сайын көбірек ықпал ететін көрінеді. 

Ақнұр Иманқұл, "Қазақстандық қоғамдық даму институты" отбасылық саясат бөлімінің басшысы: 

- Көбіне бізге сұрақ қоятыны ол жастар отбасынан бас тарту.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz