RU
Толық нұсқаға өту

Тобыл қаласында шағын аудан салынып жатыр

13.08.2026, 21:00 41

Қостанай облысының Тобыл қаласы аумағында «Астана» шағын ауданы салынып жатыр.

Мұндай ауқымды жоба өңірде бұрын соңды болған емес. Тақыр жерде барлық әлеуметтік инфрақұрылы бар 154 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді. Заманауи стиль, тартымды дизайнға негізделген бүтін бір қалашық құрылысымен тілшіміз танысып қайтты.

Бас-аяғы бір жарым жылдың ішінде жаңа шағын ауданда бес қабатты 10 үй тұрғызылып, пайдалануға берілген. Алғашқы қоныстанушылар да бар. Солардың бірі көп балалы ана Әйгерім Шынтықова. Алты жылдан бері баспана кезегінде тұрған отбасы мемлекеттік бағдарлама арқасында жаңа үйден пәтер кілтіне ие болғандарына қуанышты.

Әйгерім Шынтықова, Тобыл қаласының тұрғыны:

- Льготный ипотекаға ілініп,сол льготный процентпен алып жатырмыз осы үйді. Процент өте төмен, платеж ыңғайлы. Үй өте әдемі, кең 3 бөлме. Балаларға өте ұнады.

Мағауия Қалиев, тілші:

- Жаңадан салынып жатқан «Астана» шағын ауданының жалпы аумағы бір миллион шаршы метр. Бұл жерде 5-тен 17 қабатқа дейінгі 154 зәулім үй салынады. Барлығы 60 мыңға жуық адам баспанамен қамтылады. Осыдан-ақ бұл жобаның қаншалықты ауқымды екендігін байқауға болады.

Өңірдегі ең ірі тұрғын үй құрылысы жобасын 2030 жылға дейін кезең-кезеңмен іске асыру жоспарланып отыр.

Олжас Нұрғалиев, Қостанай ауданының әкімі:

- Осы жылдың аяғына дейін 13 бес қабатты үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар он тоғыз қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр қазіргі таңда. Мұндағы 745 пәтерді келесі жылы пайдалануға береміз. Сондай-ақ мемлекет қаражатынан бөлек, бұл шағын ауданда жеке инвестициялар салынуда. Қазіргі таңда жеке инвесторлардың есебінен тағы 30 үйдің ПСД әзірленіп жатыр. 

Тобыл қаласының іргесіндегі Астана шағын ауданы сыртқы сәнділігімен ғана емес, тұрмыс жайлылығымен де ерекшеленетін болады. Мектеп, балабақша, спорт кешені, экологиялық саябақ, сауда және ойын-сауық орталығы сияқты коммерциялық, әлеуметтік нысандар бір-екі жылда осы маңда бой түзейді. 

Әл-Фараби Батқұлден, медігер компанияның өкілі:

- Жиырма бес мың шаршы метрді құрайтын 3 қабатты жаңа ойын, сауда ойын-сауық орталығын салу негізделіп отыр. Ол өте Қостанай облысы бойынша үлкен жоба болайын деп тұр. Өйткені бұл жерге әлемдік брендтер келеді. Және де Қостанай облысының жалпы Қазақстанның қазіргі алында келе жатқан үлкен брендтерімен қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Шаһарға бергісіз шағын ауданда тұрғын үймен қатар жол құрылысы да жүргізілетін болады.

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz