RU
Толық нұсқаға өту

Сотта Шерхан Аймахан болған іске өкінетінін айтты

13.08.2026, 19:32 38

Шымкент соты Нұрай Серікбайды айуандықпен өлтірген Шерхан Аймаханға жаза кесті.

Сотталушы өмір бойына түрмеге жабылды. Сот оны Қылмыстық кодекстің «Аса қатігездікпен адам өлтіру», «Некеге тұруға мәжбүрлеу» және «Сталкинг» бабымен кінәлі деп тапты. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға 11 қаңтар күні болған. 21 жасар қызды некеге мәжбүрлеу үшін ұрлап әкетіп, бас тартқан соң 35 жерден пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Сотта мемлекеттік айыптаушы мен Нұрайдың әкесі сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сотталушы Нұрайдың ата-анасы мен ағаларынан кешірім сұрап, болған жағдайға өкінетінін айтты. Өмір бойына бас бостандығынан айырудан бөлек, сот оны жәбірленуші тарапқа моральдық зиян үшін 25 миллион және тағы 5 миллион теңге материалдық шығын төлеуге міндеттеді. Сот үкімі толық күшіне енген жоқ.

Саммидин Темірәлиев, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 2 бөлігі, 5-ші тармағымен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлімінің негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жиынтықтығымен Аймаханға түпкілікті, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz