Елде жарты жыл ішінде 35 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары үш жарым мыңнан астам тексеру жүргізген. Енді жұмыс берушілер анықталған олқылықтарды жойып, жұмысшылардың құқықтарын қалпына келтіруге міндетті. Жаңа Конституция – еңбек адамының құқықтық кепілі. Ата заңдағы нормалардың нығаюы - қоғамда үлкен қолдауға ие болып отыр, дейді заңгерлер.
Рауан Қалиев, заңгер, сарапшы:
- Мысалы, елімізде былтыр еңбек инспекторлары 6 мыңнан астам тексеру жүргізген осы еңбек саласында. Бұл жерде 9 мыңға жуық заң бұзушылықтар анықталған. Бұл сандарды мен неге айтып отырмын? Конституциямызда мемлекеттің басты байлығы адам және оның өмірі деп отыр ғой. Адами капиталдың негізгі құқықтарын қорғау мақсатында Ата заңымызға осындай нормаларды енгізу арқылы біздің еңбек құқығымызды, жұмыс берушінің мүддесін қорғауға бағытталған нақты норма енгізіліп отыр.
Жаңа Конституцияда еңбек адамының құқығын қорғайтын арнайы бап бар. Азаматтардың еңбек ету, қауіпсіз жұмыс орны және әділ жалақы алу құқықтары заңмен нығайтылды. Бұл жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін күшейтеді. Әрі еңбек қатынастарындағы жауапкершілік пен тұрақтылықты арттыруға негіз болады.
Әлімжан Бекмағамбетов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары:
- Жұмыс беруші барлық жағдайды жасауы керек. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі болса оның ішінде еңбек қауіпсіздігі жөніндегі оқытуға жіберуі керек жұмыскерлерін. Болмаса кәсіби тәуекелдерді бағалау жөніндегі шараларды қолдауы керек. Соның нәтижесінде қандай тәуекелдер анықталды соны түзету жөнінде шараларды қабылдап жүзеге асыру керек дегендей.
Мамандар азаматтардың еңбек құқығы саласын жетілдіру шаралары одан әрі жалғасатынын айтты. Оның ішінде онлайн пратформалар арқылы жұмыс істеу ережелері, жасөспірімдердің еңбекке араласу процестері заңнамалық тұрғыда реттеледі.
Әлімжан Бекмағамбетов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары:
- Біраз ұсыныс бар министрлік тарапынан. Оның ішінде қазір айтамыз мынау еңбек инспекциясы бар. Қаншалықты жұмыскерлердің құқықтары жүзеге асырылады. Қаншалықты олар қорғалып тұр. Жасөспірімдер бар ғой кәмелетке толмағандар олар да жазғытұры демалыс кезінде жұмыс істейді. Қаншалықты оардың да құқықтары қорғалды. Заңнамада тағы да өзгерістер керек шығар деп оны да ғылыми тұрғыда зерттедік. Ұсыныстарды бердік.
Биылғы 6 айда Қазақстан кәсіпорындарында 727 жұмыскер зардап шекті. Оның ішінде 476 адам ауыр жарақат алған. Ресми деректі құзырлы министрлік таратты. Бұл жазатайым оқиғалардың әр қайсысы тергеп-тексерілген. Өндірістік жарақаттанудың негізгі себептерінің қатарында қауіпсіздік талаптарының сақталуына тиісті бақылаудың болмағаны анықталып отыр. Жұмыс берушілерге ішкі бақылауды барынша күшейту ұсынылды.
Рухани Әбдірахман
Тегтер #Жаңа Конституция #еңбек құқығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz