RU
Толық нұсқаға өту

Солтүстік Қазақстан облысына биыл 3 мыңға жуық қоныс аударушы мен қандас көшті

13.08.2026, 22:00 35

Солтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері 3 мыңға жуық қоныс аударушы мен қандас көшіп келді.

Әр отбасы мүшесіне мемлекет тарапынан субсидия төленіп, үй сатып алуға 7 млн теңге қаржылай көмек көрсетілді. Олардың тұрмысымен өңірге жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Асқарбек Ертаев танысты. 

Мағжан Әмірбек Петропавлға Алматы қаласынан көшіп келді. Қолына енді диплом алған жас маманға көтерме ақы төленіп, "Экономикалық ұтқырлық сертификаты" бойынша қаржы берілді. Қазір ол зауытта жұмыс істейді.

Мағжан Әмірбек, трансформатор зауытының қызметкері:

- 2023 жылы Петропавл қаласына көшіп келдім. Және осы зауытта жұмыс істеймін. Келе сала осында жұмысқа кірдім. Петропавл қаласы маған ұнады. Үй алғанда мемлекет маған 4,5 млн. теңге ақша қаржы берді үй алғаным үшін. 

Министр зауытта көшіп келген жұмысшылармен кездесіп, еңбек қатынастарының маңыздылығына тоқталды. Солтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері 3 мыңға жуық қоныс аударушы мен қандас қоныс тепті. Бұл ретте Асқарбек Ертаев еңбек мобильділігі және мансап орталықтарының жұмысын әлі де жандандыруды тапсырды.

Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Қазір квота тек қана ауыл жаққа болады. Қалаға ондай квота болмайды. Сол себепті қазір барлық қандастарды осы белгіленген 7 аймақ олар толық тарту керек. Себебі қазір барлық қандас мәртебесін шешу жағын, қандас мәртебесін алу осы солтүстік аймақтарда шешіледі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қандастарды уақытша орналастыру жағдайымен танысты. Петропавлда оларға жатын орындар қарастырылған. Биыл көшіп келетін азаматтарға үй сатып алуға мемлекеттен берілетін қаржы көлемі 7 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz