Қазір кей аймақта шөп шабу науқаны жүріп жатыр. Алда егін орады. Осы уақта билік те, шаруалар да өрттен сақ болғаны жөн. Биыл орман қоры аумағында 634 рет өрт шыққан. Жалпы алаңы 29,5 мың гектар. Ал далада 23 өрт, мыңнан аса құрғақ шөптің жанғаны тіркелді. Қазір өрт қаупі жоғары өңірлерде су таситын тікұшақтар кезекшілікте тұр. Жалпы, өрт қауіпті кезеңі басталғалы 11 мыңнан астам рейд жүргізіліп, 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Тегтер #ыстық #аптап ыстық #өрт қаупі #ТЖМ #төтенше жағдайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz