RU
Толық нұсқаға өту

Сайлауға қатысты сауалнамалар: ОСК жеті ұйымды аккредиттеді

14.08.2026, 13:00 42

Қазақстанда сайлауға қатысты социологиялық сауалнама жүргізуге тек аккредиттелген заңды тұлғалар құқылы.

Ол үшін ұйым Орталық сайлау комиссиясына жүгініп, зерттеу әдістемесі, құралдары мен оны өткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынуы қажет. Бүгінде мұндай рұқсатты жеті ұйым алды. Сауалнама нәтижелері ашық әрі қолжетімді, ал зерттеу жүргізу тәртібі заң талаптарына сай келуі тиіс.

Дауыс беруге бес күн қалғанда және сайлау күні сауалнама нәтижелерін, сайлау болжамдары мен өзге де зерттеулерді жариялауға тыйым салынады. Бұл талаптарды бұзғандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz