1 шілдеден күшіне енген Жаңа Конституция Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін айқындап берді. Преамбулаға әлеуметтік ұғымының енгізілуі тегін емес.
Мемлекеттің басты мүддесі – халық қамы екені Ата заңда мықтап шегеленіп тұрып, бекітілді. Осылайша әлеуметтік саясат үкімет қызметінің бір тармағы емес, конституциялық өзегі ретінде белгіленді.
Сарыарқа ауданына қарасты Белсенді өмір сүру орталығында қарттар спортпен шұғылданып, кесте тігіп, шахмат ойнап, бос уақыттарын қызықты өткізеді. Замандастармен шүйіркелесе отырып, әлеуметтің толыққанды мүшесі ретінде сезІнуге мүмкіндік беретін бұл жобаға әрқайсысы дән риза.
Сарыарқа ауданына қарасты Белсенді өмір сүру орталығында қарттар спортпен шұғылданып, кесте тігіп, шахмат ойнап, бос уақыттарын қызықты өткізеді. Замандастармен шүйіркелесе отырып, әлеуметтің толыққанды мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік беретін бұл жобаға әрқайсысы дән риза.
Бегдолла Күлмұратұлы, белсенді өмір сүру орталығына келуші:
- Осы Сарыарқа ауданының ұзақ өмір сүру орталығына 1-ші маусымнан бастап қатысып жүрмін. Біздің үйретететін ұстазымыз – Мәриям. Аптасына 3 рет. Денсаулыққа пайдасы бар. Денсаулығым өте жақсы. Бұрын мен ЗОЖ журналын алатын едім. 20 мың жаттығу бар, соны үйретіп жатыр. Барлық адамдарға пайдасы бар.
Жаңарған Ата заң әлеуметтік қолдау аясын біршама кеңейтті. Ол бұрынғыдай жәрдемақылармен ғана шектелмейді. Онда ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың басқа форматтары, волонтерлік қызмет пен қайырымдылық қамтылған. Қариялардың белсенді өмір сүру орталықтарының қызметіне тегін жүгінуі де мемлекеттік қолдаудың бір көрінісі.
Кенжеболат Бәпишев, Сарыарқа ауданының Белсенді өмір сүру орталығының бөлім басшысы:
– Белсенді өмір сүру орталығы Әлеуметтік Кодекстің жеке бабына, 170- бабына кірді. Өйткені әлеуметтік салада белсенді ұзақ өмір сүру орталығы деген термин болған жоқ. Соны әлеуметтік кодекске қайтадан еңгізіп, қазіргі күнде осы әлеуметтік саланың стандарттарын қалыптастырып жатыр.
Неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің ерекше қорғауында және қамқорлығында болады. Бұл – жаңарған Конституцияда бекітілген негізгі қағидаттың бірі. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылар мен аналарды қолдау, тиісті әлеуметтік қызмет көрсету, балалар мен еңбекке жарамсыз ата-аналар құқығын қорғау – осының бәрі мемлекеттік қамқорлықтың жарқын көрінісі.
Әсия Құрманқұлова, ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қызмет департаменті директорының орынбасары:
- Әлеуметтік қорғау саласы әмбебап және мақсатты мемлекеттік қолдау түрлерін қамтиды. Ана мен баланы қолдауға қатысты айтарым, балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер қарастырылған. Баланы дүниеге әкелуге байланысты жәрдемақылар, үш жасқа дейінгі балаларға күтім жасау бойынша жәрдемақылар және он сегіз айға дейінгі балаларға күтім жасау бойынша жәрдемақылар бар. Сондай-ақ біздің елде аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіліп келеді.
Бүгінде ел бойынша 1 млн 200 мың отбасы 461 млрд теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақымен қамтылған. Жыл басынан бергі 7 айда 208 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Яғни 38 мың 700 отбасыға облыстық бюджет есебінен 20 млрд теңгеге жуық қолдау қаржы бөлініпті.
Авторлары: Бақыт Топтаева, Рауан Қалиев
Тегтер #Жаңа Конституция #қарт #спорт #шахматPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz