Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерді қайта құнарландыру жұмыстарын жүргізіп жатқандай кейіп танытқан.
Оқиға орнында ауыр техника, түрлі жабдықтар табылды. Осылайша толық тау-кен байыту кешені іске қосылған. Ал өңделген өнім шекаралас мемлекеттерге экспортталып отырғаны белгілі болды.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
- Өндірілген кен тауарлық концентратқа өңделіп, теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған. Шикізатты жүйелі түрде тиеп-жөнелту үшін күдіктілер теміржол тұйығын жалға алған. Тергеу дерегінше, өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асып, оның құны 1 млрд теңгеден көп болған. Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға залал келтірілген. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады. Тергеу жалғасып жатыр.
Тегтер #марганец #топ #күдікті #Қаржылық мониторинг агенттігіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz