RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан жастары бір толқында

14.08.2026, 14:45 37

«Түркістан жастары бір толқында!» Халықаралық жастар күніне орай осындай атаумен мерекелік кеш өтті.

«Жібек жолы» саябағында ұйымдастырылған шараға өнер мен білімде, шығармашылық пен спортта топ жарған жалынды жастар қатысты. Олар қала тұрғындарына музыкалық қойылымдар, сән көрсетілімі, акробатикалық шоу және түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұсынды.

Ашық аспан астындағы мерекелік кеште жастардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдар көрмесі, кітап жәрмеңкесі, ұлттық ойындар мен көше әндері шырқалды. Талантты жастардың өнері мен өнегесіне куә болған қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы оларды мерекесімен құттықтап, білімге құштарлық, жаңа идеяға ұмтылыс – Түркістан жастарының басты ұраны болуы тиіс екенін атап өтті.

Әзімбек Пазылбекұлы, Түркістан қаласының әкімі:

- Жалынды жастарымыз қасиетті қала өмірінің барлық саласына белсене араласып келе жатыр. Өнерде оза шауып, ғылымда төрге озған жастарымыз қаншама. Технологияның тілін тауып, ЖИ әлеуетін меңгерген жзастырымызбен мақтана аламыз. Жетілу мен жетістікке жету үшін мемлекетіміз барлық жағдайды жасап келеді. Жас достарымызды елімізбен өнеріміздің өркендеуіне үлес қосуға шақырамын.

Бүгінде қалада 78 мыңнан аса жас тұрады. Бұл – қала халқының 31 пайызына тең. Жас түркістандықтар спорт, білім, ғылым, өнер және жаңа технологиялар саласында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, қаланың мерейін асырып келеді. Жиында бір топ осындай жасқа құрмет көрсетілді.

Аманай Құралбеков, таеквондодан Әлем кубогінің жеңімпазы:

- Мен қасымдағы Мақсат аға екеуіміз «KOREA OPEN G-2» турнирінде өзім чемпион атандым. Мақсат ағам Әлем кубогынан 2-орын алды. Соған бізді арнайы марапттап жатыр. Бізді осы үздік спортшы деп марапаттап жатқанына үлкен рахмет. 

Музыкалық қойылымдар, сән үлгілерінің көрсетілімі, акробатикалық шоу мерекелік кештің көрігін қыздырса, көрермендердің арасында отырған ұлттық ұлан сарбаздарының әуезді әндері көпшілікті тәнті етті.

Жастарға ең керегі – сенім мен мүмкіндік. Әрбір жақсы бастамаға қолдау болса, жастардың алмайтын қамалы жоқ екеніне тағы да бір рет куә болдық.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz