RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде егін ору науқанының қарқыны артты

14.08.2026, 15:00 36

Елімізде егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды. Премьер-министрдің орынбасары Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин күзгі жиым-терім жұмыстары бойынша жедел штаб отырысын өткізді.

Қазір еліміздің барлық дерлік аймағында егін орағы  қарқынды түрде жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің сөзінше, жалпы алғанда биыл 24 миллион гектардан аса егіс алқабынан өнім алынуы қажет. Оның 15 млн гектардан астамы дәнді және бұршақ дақылдар. Әзірге 2 млн гектарға жуық жер телімі орылып, 3 миллион тоннадан аса астық қамбаға құйылған.

Өткен жылғы көрсеткішке қарағанда, бұл 6 пайызға көп. Егін жинау науқанының ертерек басталуына аптап ыстық әсер етіп, дақылдар мерзімінен бұрын пісе бастаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz