RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

14.08.2026, 14:58 43

Қазақстан Оңтүстік Кореяның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жүйе қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды әрі қауіпсіз жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Кореяның Е-9 жұмысқа рұқсат беру жүйесіне қатысатын 18-ші мемлекет атанды. Қазір бағдарламаға Қазақстаннан бөлек Филиппин, Моңғолия, Шри-Ланка, Вьетнам, Таиланд, Индонезия, Пәкістан, Камбоджа, Қытай, Бангладеш, Шығыс Тимор, Непал, Мьянма және Лаос қатысады. Орталық Азия елдерінен Қазақстанмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан да осы жүйеге енгізілген.

Қазақстан азаматтарын Оңтүстік Кореяға жұмысқа тарту 2028 жылдан басталады деп жоспарланып отыр. Оған дейін бірқатар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуі керек. Атап айтқанда, үкіметаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, Қазақстанда корей тілінен тест өткізетін EPS-TOPIK орталығы ашылады.

Қазақстанның EPS жүйесіне қосылуы бойынша жұмыс 2023 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде азаматтарды іріктеу мен даярлауға қажетті рәсімдер кезең-кезеңімен жүзеге асырылған.

2026 жылдың қаңтарында Қазақстанға келген кореялық сарапшылар делегациясы жүйені іске қосуға дайындық барысын бағалады. Мамандар EPS орталығын ашу, корей тілінен тестілеу өткізу, кәсіби дағдыларды бағалау, медициналық тексеру және азаматтарға Оңтүстік Корея заңнамасының талаптарын түсіндіру мәселелерін қарастырды.

Осылайша, Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяда ресми түрде жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндігі беріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz