RU
Толық нұсқаға өту

«Sarap» клубы саяси партиялардың бағдарламаларын талдады

14.08.2026, 15:30 37

Бүгін Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Sarap» клубы Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялардың бағдарламаларын талдап, өз ұсыныстарын әзірледі.

Сарапшылар азаматтардың өмір сапасы мен әлеуметтік жағдайына қатысты өзекті мәселелерге назар аударды. 

Атап айтқанда, сапалы білім мен медициналық қызметтің қолжетімділігі сөз болды. Мамандардың пікірінше, сайлауалды бағдарламалардағы уәделерден бөлек, олардың нақты орындалу тетіктеріне де мән беру қажет. Себебі халық үшін ең маңыздысы – айтылған бастамалардың іс жүзінде жүзеге асуы.

Назгүл Мақжан, Астана қ. әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:

- Елімізде саяси үрдістер жүріп жатыр. Электоралды период. Айта кететініміз, тарихи оқиға 23 тамыз күні жалпы еліміз ертең болашақта саяси-әлеуметтік жағдайымыз қандай болатынына тікелей байланысты. Саяси партиялардың ұсынып жатқан бағдарламаларын талдап, сараптап, ішіндегі әлеуметтік саясатқа, жалпы күнделікті қазақстандықтардың өміріне қандай ықпал ететінін талқылап, оларға ұсыныс ретінде береміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz