ҚР Энергетика министрлігі кей өңірлердегі электрмен жабдықтау жағдайына қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды «24KZ».
2026 жылғы 14 тамызда энергетикалық жүйеде қуаттың күрт артуы орын алды. Бұған Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болды.
Салдарынан апатқа қарсы автоматика іске қосылып, кейбір өңірлердегі тұтынушылар электр қуатынан уақытша ажыратылды.
Қазіргі уақытта жүйелік оператор «KEGOC» АҚ қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде кей өңірлерде электр энергиясымен қамту толықтай қалпына келтірілді.
Жағдай ҚР Энергетика министрлігінің қатаң бақылауында. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы қосымша ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Тегтер #Энергетика министрлігі #электр жарығы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz