RU
Толық нұсқаға өту

Алматы және Алматы облысында электр қуаты жаппай өшті

14.08.2026, 17:00 40

Мегаполистің 4 ауданы жарықсыз қалған. Ал Алматы облысында Алматы облысы бойынша Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле,Талғар аудандарында электр қуаты сөнді.

Бұл туралы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ хабарлады. Компания мәліметінше, KEGOC әуе электр жеткізу желілерінде апаттық ажырату болған. Соның салдарынан "Алатау Жарық Компаниясы" желілерінде апатқа қарсы автоматты қорғаныс жүйесі іске қосылған. Технологиялық бұзушылыққа Орталық Азияның Біріккен энергетикалық жүйесі тарапынан қуат ағынының күрт артуы себеп.  Апат салдарынан Қазақстан энергетикалық жүйесінде тұтынушыларды электрмен жабдықтауды шектеу көлемі шамамен 2810 МВт болды. Қазіргі таңда жүйелік оператор қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz