Астанада функционалды көпсайыстан Азия чемпионатының ашылуы өтті.
Байрақты бәсекеге 9 елден 120-дан спортшы қатысады. Бұл бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Келушілер арасында Қазақстаннан өзге Қырғызстан мен Оңтүстік Корея, Йордания, Моңғолия өкілдері бар. Олар алдағы 2 күнде жарыс жолына шығып, өзара мықтыларды анықтайды. Функционалды көпсайыста спортшылардың күші мен төзімділігі, шыдамдылығы сыналады.
Николай Мещеряков, Қазақстан функционалды көпсайыс федерациясының президенті:
- Бұл жаңа спорт түрі. Кроссфитке көбірек ұқсайды. Қазір функционалды көпсайыс әлемнің 65 елінде дамып келеді. Болашақта бұл спорт түрінің Олимпиада ойындарының құрамына қосылу мүмкіндігі жоғары. Жалпы бұл Азия чемпионаты 11 санат бойынша өтеді. Спортшылар әр кезеңде 3 тапсырмадан орындап, өзара жеңімпаздарды анықтайды.
Тегтер #Астанa #көпсайыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz