Алматы облысында бес «Келешек мектебі» ашылады. Сонымен қатар реновация бағдарламасы аясында 10 мектеп жаңартылады.
Бұл туралы дәстүрлі Тамыз конференциясында айтылды. Жыл сайынғы басқосуда білім сапасы, мектеп инфрақұрылымы, цифрландыру және тәрбие жұмысының өзекті мәселелері талқыланды.
Ұстаздар үшін жаңа оқу жылының қарсаңындағы Тамыз конференциясы – тәжірибе алмасып, алдағы міндеттерді айқындайтын маңызды алаң. Басқосуда білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы сөз болды. Әсіресе үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге басымдық берілді. Осы мақсатта биыл өңірде жаңадан бес «Келешек мектебі» қолданысқа беріледі.
Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:
- Алматы облысында 4 жылда 75 жаңа мектеп ашылып, 6 қосымша жапсаржай пайдалануға берілді. Соның ішінде 24 300 орындық 26 «Келешек мектебі» қолданысқа берілді. Нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 23 бірлікке азайып, шалғай елді мекендерден тасымалданатын 5800 оқушының тасымал мәселесі шешілді.
Жиында білім беру саласында еселі еңбек етіп, өз ісіне адалдығымен ерекшеленген ұстаздар марапатталды. Оларға Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» және «Үздік педагог» төсбелгілері табысталды.
Қалбыгүл Ізтілеуова, бастауыш сынып мұғалімі:
- 1994 жылдан бері Қарасай ауданында бастауыш сынып мұғілімі болып жұмыс істеймін. Менде осыған дейін 4 медаль бар - Ұстаз, Ғасыр ұстазы, Ұлт түлғасы, Еңбек даңқы. Мынау менде бесінші төсбелгі. Бүкіл қазақстандық ұстаздарға жаңа оқу жылында жаңа шығармашылық табыс, еңбекте жеміс тілеймін.
Жиын соңында ұстаздар қауымы үшін тың міндеттер белгіленіп, арнайы қарар қабылданды.
Авторлары: Гүлім Советқан, Аманжол Жөнкешов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Келешек мектебі #Алматы #Таңдаулы #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz