Мемлекеттік наградалар тізімі екі жаңа марапатпен толықты.
Бұл туралы ел Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің телеграм арнасында хабарлады. Ол мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі екенін атап өтіп, жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілгеніне тоқталды. «Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады» делінген хабарламада. Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.
Тегтер #Таңдаулы #президент #Тоқаев #наградалар #Шәмші ҚалдаяқовPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz