Елде Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Алматы облысының Жібек жолы ауылында 658 млн теңгеге 200 орындық Мәдениет үйі салынды.
Мұнда ұлттық өнер үйірмелері, "Шежіре" ақындар орталығы және аға буын ансамблі жұмысын бастады. Жамбыл облысының Нұрлыкент ауылында спорт кешені қолданысқа берілді. Нысанда әмбебап зал және заманауи спорттық құрал-жабдықтар бар. Биыл өңірде тағы 12 ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарланған. Алматыда "Кітап оқитын ұлт" жобасы шеңберінде кітап беру пункттері ашыла бастады. Ал Түркістан облысында ғасырлық тарихы бар "Түлкібас" теміржол вокзалы жаңғыртылды. Кешен тәулігіне шамамен 200 жолаушыға дейін қабылдай алады. Күту залының сыйымдылығы екі есе артып, 90 орынға жетті. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп-тұруы жан-жақты қарастырылған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жібек жолы ауылы #президентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz