RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда алаяқтықтың жолы кесілді

17.08.2026, 13:30 48

Түркістан облысында медициналық ұйым басшысын алдап, қомақты қаржы жымқырмақ болған алаяқтар ұсталды.

Өздерін Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстырған екі адам мекеме басшысынан 15 млн теңге беруді талап еткен.  Олар денсаулық сақтау мекемесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында заң бұзды деген желеумен қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан. Дегенмен қомақты сыйақы берсе, мәселені жылы жауып қоямаққа уәде беріпті. Арам пиғылдарын жүзеге асырған алаяқтар алдымен 5 млн теңге алған. Сөйтіп 8 тамыз күні қалған 10 млн-ды алып жатқан жерінде ұсталды. Қазір тиісті тергеу жүріп жатыр.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- ҚМА ескертеді: жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып немесе жазадан құтылуға көмектесеміз деп уәде беріп, ақша талап ету — заңсыз әрекет. Мұндай деректер туралы ҚМА Call-орталығына 1458 нөмірі арқылы дереу хабарлау қажет.  Азаматтарды қаржылық мониторинг органдарына шақыру тек өндірістегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде, заңда белгіленген тәртіппен ресімделіп, жолданған ресми шақыру қағаздары негізінде ғана жүзеге асырылатынын ескертеміз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz