RU
Толық нұсқаға өту

Қайтарылған активтер есебінен мектеп салынып жатыр

17.08.2026, 13:40 39

Жетісу облысындағы мектеп құрылысына қайтарылған активтер есебінен 5,5 млрд теңге бағытталды. Қаражат арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.

Соның нәтижесінде Көксу ауданының Балпық би ауылында 600 оқушыға арналған жаңа мектеп салынып жатыр. Құрылысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде Үкімет 610 млрд теңге сомасына 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қор қаражаты білім беру, денсаулық сақтау, спорттық және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бағытталады. Білім беру саласында 64,4 млрд теңге сомасына 17 жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz