Инвестициялық дауларды сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік бар. Бұнымен арнайы комиссия айналысады. Реттеуші топ Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті жанынан құрылған.
Құрамында аталған комитеттен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитетінен өкілдер бар. Кейде инвестициялық жобаларды іске асыру барысында кедергілерді жедел шешу талап етіледі. Комиссияның құзыреті нақты реттелген. Инвестициялық қызметке қатысы жоқ корпоративтік, коммерциялық және басқа да азаматтық-құқықтық даулар Комиссияның құзыретіне жатпайды.
Бауыржан Ералы, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:
- Бұл тетіктің негізгі мақсаты – инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындауы мүмкін даулы мәселелерді уақытылы шешіп, әкімшілік сипаттағы келіспеушіліктердің инвестицияларға кедергі келтіруіне жол бермеу. Маңыздысы, Комиссияға тек инвесторлар ғана емес, мемлекеттік органдар мен инвестициялық прокурор да жүгіне алады. Мұндай тәсіл инвестициялық дау тараптары арасында диалог орнатып, оны шешудің ортақ жолдарын іздеуге мүмкіндік береді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #инвесторлар #құқықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz