RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Алматыда бірнеше ауданда электр жарығы өшті

17.08.2026, 17:08 37

Алматының бірқатар ауданында электр энергиясы қайтадан өшті. Жарықтың өшуіне авариялық жағдай себеп болған, деп хабарлайды «24KZ».

«Алатау Жарық Компаниясының» (АЖК) мәліметінше, сағат 13:10-да аталған аумақтарда электр энергиясы ажыратылған:

К.Мыңбаев – А.Розыбақиев – Н.Тілендиев – О.Жандосов көшелерінің аралығы;

Қабанбай батыр – Пушкин – Достық көшелерінің аралығы;

С.Сейфуллин – А.Глазунов – Н.Кассин көшелерінің аралығы;

№10 шағын аудан, Береговой көшесі және №16 тарту қосалқы станциясы маңындағы аумақ.

АЖК сайтындағы электр желілеріндегі ақаулар картасына сәйкес жарықтың өшуі бұл аумақтардан да кеңірек учаскелерді қамтыған. Қазіргі уақытта мамандар оқиға орындарына барып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Апат себептері анықталып жатыр. Электрмен жабдықтауды екі сағатқа дейін қалпына келтіру жоспарланған», деп хабарлады компания.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz