RU
Толық нұсқаға өту

Кәсіпкерлерге 23 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді

17.08.2026, 19:32 43

Әсіресе қаржыландыру ісі ілгерлеп келеді. Биылдың өзінде «Өрлеу» бағдарламасының аясында 131 жоба иелеріне 23 млрд теңге шамасында жеңілдетілген несие берілді. 

Ілкімді істің игілігін көргендердің көбі ақтөбеліктер. Аймақта 7,4 млрд теңгеге 12 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ Астанада - 24, Алматыда 21, Шымкентте - 12 кәсіпкер мемлекет мезіретіне қолжеткізді. Сол секілді Қарағанды, Абай облыстарында да оң өзгеріс бар. Айталық, былтыр осы бастама арқылы 588 млрд теңге сомасына 2 278 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген еді. Сонымен қатар жеке сокторды қолдау мақсатында елде «Бір ауыл - бір өнім» бағдарламасы жүзеге асады. 

Нұрбек Нәлқожа, «Атамекен» ҰКП аппарат басшысы:

- «Бір ауыл – бір өнім» деген бағдарлама жүзеге асып жатыр. Бұл – түкпір-түкпірдегі Қазақстан өңірлерінде кәсіпкерлердің санын көбейту мақсатында ұйымдастырылып жатқан үлкен көрмелер. Осы көрмелердің саны мен қатысушылардың саны соңғы 3 жылда 30 пайызға көбейіп жатыр. Жалпы айтатын болсақ, 642 млн теңге бөлінді. 116 кәсіпкер заманауи өндірістік жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек, биылдан бастап «Іскер аймақ» жобасы бастау алды. Бағдарлама несиелерді субсидиялау, инженерлік желілерге қосу, үй-жайларды, жер учаскелерін беру секілді қолдаулардан тұрады. Осы уақытқа дейін мамандар 127 аудан мен 16 қалаға 146 рет барып, кәсіпкерлерге 1,8 мыңнан астам кеңес берді. Жобаға 24 млрд теңге бөлінген, бұл 5 мыңға жуық жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді. Тамыз айының басында жалпы сомасы 18 млрд теңге болатын 266 жоба қолдау тапты. Сол секілді бизнес өкілдерін қолдау заңдық тұрғыда да жүйелі жүргізіліп келеді. Кәсіпкерлерді, инвесторларды қолдау, құқықтарын қорғау ісі Жаңа конституцияда жазылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz