RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда өткен Gran Fondo әлем чемпионатына мыңға жуық адам қатысты

17.08.2026, 22:55 27

Алматыда өткен Gran Fondo әлем чемпионатына мыңға жуық адам қатысты. Оған Әлемнің 10-нан аса елінен әуесқойлар мен спорт ардагерлері арнайы келді.  Халықаралық жарыс Спорт күніне орай ұйымдастырылды.

Қатысушылар үш түрлі қашықтық бойынша сынға түсті. Жарыстың бас серіктесі – Halyk Bank.

Алматы Gran Fondo жарысына осымен екінші жыл қатарынан қатысушыларды қабылдады. Оған тәжірибелі спортшылармен қатар, велоспорт әуесқойлары да қатысты. Шараның географиялық аумағы кеңейген сайын, ауқымы да ұлғая түскен. Ұйымдастырушылар халықаралық доданы Алматы үшін дәстүрлі жарысқа айналдыруды көздейді. Halyk Bank бас серіктес ретінде осы жобаны қолдауды жалғастырып келеді.

Дәурен Сартаев, Halyk Bank басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Біз үшін бұл шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жарыстардың біріне айналып келеді. Бірнеше жылдан бері Алматыға көптеген елден велошабандоздар келіп, осы шараға қатысып жүр. Біз бұл турнирді елімізде өткізуді бастадық. Бұдан былай да Қазақстанда Gran Fondo әлем чемпионатының дамуына қолдау көрсете береміз.

Бұл жолы жарысқа 1067 адам тіркелді. Ең үлкен велошабандоз 80 жаста болса, ең кішкентай қатысушының жасы әлі екіге толмаған. Halyk Bank командасы да жарыс жолына шықты. 50 қызметкер өз мүмкіндігін байқап көрді. Қатысушылар үш қашықтық бойынша сынға түсті. Негізгі жарыс 95 шақырымдық Gran Fondo. Оның бағыты Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолы арқылы өтті.

Инга Петренко, веложарысқа қатысушы:

- Бұл өте қызық, ерекше тәжірибе дер едім. Жаңа таныстар пайда болды. Жалпы спортты жақсы көретін, мақсат – мүддесі бір адамдармен бір ортада болу, бірге велосипед тебу өте тамаша сезім.

Халықаралық жарыс Алматы тұрғындарын велоспортқа тартуға септігін тигізеді. Белсенді өмір салтын ұстануға насихаттайды. Ұйымдастырушылар осындай пікірде. Бұл ұстанымды велошабандоздар да қолдайды. 

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Айдос Қалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz