Талдықорғанда шекара қызметкерлеріне арналған әкімшілік ғимараттың іргетасы қаланды.
Салтанатты шарада келер ұрпаққа аманат жазылған «Уақыт капсуласы» салынды. 4 гектар аумақты қамтитын кешенде спорт залы, қонақ үй, өрт сөндіру бөлімі, қойма және көлік тұрағы орналасады. Ауқымды жобаға 8 млрд 900 млн теңгеден астам қаражат жұмсалып, нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Айта кетейік, бүгінде құрылымның жеке ғимараты болмағандықтан, әскерилер Алматы қаласындағы кеңсені пайдаланып отыр. Игі бастама Президенттің «әр облыс орталығында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің департаменті болуы керек» деген тапсырмасы аясында қолға алынды. Кәсіби мереке қарсаңындағы бұл оқиғаның, Қытаймен шектесетін шығыс қақпамыз – Жетісу облысы үшін маңызы зор.
Талғат Дәулетханов, шекара қызметінің ардагері:
- Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Талдықорған қаласында салынайын деп жатыр. Бұл өте ыңғайлы жағдай. Мысалы, Қорғасқа да, Жаркент отрядына да, Үшарал шекара отрядына да барса, тез қимылдап, тез арада барып-келуге, шешім қабылдауға болады.
Тегтер #шекарашылар #кешен #Талдықорған #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz