RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Қазақстанда мектептерді тексеру қорытындысы бойынша 8,4 мың нұсқама берілді

18.08.2026, 10:57 54

Жаңа оқу жылына дайындық аясында еліміздегі мектептердің 99%-ы санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына қатысты мониторингпен қамтылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.

Мониторинг барысында мектеп асханаларының 95%-ы, медициналық пункттердің 96%-ы тексерілді. Анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін 8,4 мың нұсқама беріліп, жедел ден қоюдың 287 шарасы қабылданды.

13 тамыздағы жағдай бойынша берілген нұсқамалардың 82,8%-ы орындалған. Бұл – 6 961 нысан.

Мектептердегі тамақтану сапасына да ерекше назар аударылды. Осы бағытта 6 338 мектеп асханасы, яғни олардың 95%-ы мониторингпен қамтылды.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін анықталған бұзушылықтарды толық жоюды қамтамасыз ету қажет. Мектептердегі тамақтану стандартының талаптары мүлтіксіз орындалуы тиіс, – деді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын балалар нысандарына мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі енгізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz