RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Air Astana Дубайға рейстердің тоқтатылу мерзімін ұзартты

18.08.2026, 11:49 49

Парсы шығанағы аймағындағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға рейстерді 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін орындамайды. Қазан айында аталған бағыттар бойынша ұшу кестесіне өзгерістер енгізіліп, рейстер жиілігі қысқартылды, деп хабарлайды «24KZ».

Жолаушылар билеттерін 2026 жылғы 20 қарашаға дейінгі рейстерге сол брондау класы бойынша тегін қайта рәсімдей алады. Сондай-ақ билетті сатып алған жерде оның толық құнын қайтарып ала алады немесе тариф айырмашылығын төлей отырып, билетті Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына ауыстыра алады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz