Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық білім беру нысаны қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша тексерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Министрдің айтуынша, бүгінде білім беру ұйымдарының 100%-ы бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған. Мектептердің 93%-ындағы бейнекамералар жедел басқару орталықтарына қосылған.
Сондай-ақ балалардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында білім беру нысандарына іргелес аумақтағы жол инфрақұрылымы тексерілді.
Балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 15-ші тамыздан бастап “Назар аударыңыз – балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Оның аясында қиын өмірлік жағдайдағы балалармен жұмыс жүргізу, балалардың жарақаттанудан алдын алу, балаларды тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайын тексеру және басқа да шаралар қамтылады, – деді Ержан Саденов.
Сонымен қатар жаңа «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң аясында білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктері енгізілді.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері әзірленді. Оның ішінде буллинг пен басқа да құқыққа қайшы әрекеттерді ерте анықтау шаралары бар.
Тегтер #Мектеп оқушылары #тексеріс #ІІМ #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz