Жаңа оқу жылына дейін Атырау облысында 3 580 оқушыға арналған 6 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
2026 жылы облыс мектептерінде барлығы 155,5 мың оқушы білім алады. Оның ішінде 15,2 мыңы – бірінші сынып оқушылары.
Бұдан бөлек, биыл қазан айында тағы 320 орындық мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Жаңа білім беру нысандарының іске қосылуы өңірдегі оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді.
Үш ауысымды оқыту қысқарады
Өткен оқу жылында Атырау қаласындағы 5 мектеп үш ауысымда жұмыс істеген. Облыс орталығында екі жаңа мектептің ашылуымен олардың саны азайды.
Өңірдегі үш ауысымды оқыту мен апатты мектептер мәселесін 2027 жылға дейін толық жою жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда Атырау облысының білім беру инфрақұрылымында 151 балабақша, 210 мектеп және 16 колледж бар.
Өңір басшылығының мәліметінше, барлық білім беру нысанын жаңа оқу жылына дайындау жұмыстары тұрақты бақылауда.
Тегтер #Атырау облысы #әкім #24жаңалықтар #3 ауысым #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz