RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Аса ірі алаяқтық жасаған қазақстандық Мәскеуден Қазақстанға жеткізілді

18.08.2026, 16:48 38

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресейден елге экстрадицияланды, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеді. 

Тергеу мәліметінше, күдікті 2019 жылғы ақпанда Ақмола облысындағы кен орнынан құрамында алтыны бар кенді өндіруге келісімшарт жасасуға көмектесемін деп, үш азаматтың 500 мың долларын алдап иемденген.

Сонымен қатар 2021 жылы ол екі кәсіпкерді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен жол құрылысы жұмыстарын орындауға келісімшарт жасасуға жәрдемдесетініне сендіріп, олардан 93,4 млн теңге алған.

«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Өткен жылдың қыркүйегінде ол Мәскеуде ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz