RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында егін орағы науқаны қыза түсті

18.08.2026, 17:10 36

Бүгінге дейін өңір шаруалары жалпы алқаптың 16 пайызын жинап алған. Қамбаға бір миллион тоннаға жуық астық құйылды.

Бурабай ауданында бас қосқан өңір шаруалары орақ науқанына қатысты ортақ мәселелерді талқылап, өзара тәжірибие алмасты. Көшпелі агрокеңеске ауыл шаруашылығы вице-министрі мен аймақ басшысы да қатысты.

Екі жүзге жуық шаруа қатысқан көшпелі жиын биыл Бурабай ауданына қарасты Ұрымқай ауылында ұйымдастыылды. Оның да өзіндік себебі бар. Өйткені мұндағы «Журавлевка-1» серіктестігі соңғы жылдары жаңа агротехнологияларды қолданып, мол өнім алып отыр.

Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:

- Былтыр қожалықта өнімдері 31 центнерден болып еді, биыл да сол 30 центнерден жинап жатыр. Сондықтан біз осы жиналысты көшпелі етіп әкелдік. Бәрі көрсін. Осындай жаңа әдістерді көрсін, үйренсін дедік. Қаражатты тиімді жұмсасан осындай өнім беретінін көрсеттік.

Жалпы орақ науқанына 15 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Оның басым бөлігі жаңа. Бұл диқандардың қолайлы жұмыс істеуіне зор мүмкіндік

Сергей Шапочка, механизатор:                      

- Жұмысқа сағат 08:00-ден бастап кірісеміз. Содан қас қарайғанша жұмыс істейміз. Қолайлы ауа райын барынша пайдаланып қалуға тырысып жатырмыз. Техникамыз жаңа. Жұмыс істеуге өте қолайлы.

Шаруаларға мемлекет тарапынан да айрықша қолдау шаралары көрсетілді.

Айбат Есентұров, шаруа қожалығының басшысы:

- Біздің шаруашылық биыл «Кең дала» бағдарламасы бойынша 850 млн теңге алдық. Қаржы финанс арқылы 300 миллионға техника алдық. Оның көмегі зор болды.

Қазір өңірде 67 астық сақтау қоймасы өнімді қабылдап жатыр. Оның жалпы сыйымдылығы 4,5 млн тонна. Диқандар биыл 8 млн тоннаға жуық астықты қамбаға кұюды көздеп отыр.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz