RU
Толық нұсқаға өту

Мектептерде жаңа пәндер оқытыла бастайды

18.08.2026, 19:00 31

Қазақстан мектептерінде алдағы оқу жылынан бастап бірнеше жаңа міндетті пән оқытылады. Еліміздің оқу бағдарламасы жаңа Конституция нормаларына сай толық қайта қаралды.

Балалардың білімін бағалау тәсілдері де жаңартылған. Білім беру маусымына дайындық барысы бүгін үкімет отырысында талқыланды. Жиында бірқатар өңірдің әзірлігі баяу екені белгілі болды. Қыркүйекте ашылуы керек болғанмен, құрылысы әлі созылып жатқан білім ордалары бар. Олар қай аймақтарда? 

Жазғы демалыстың соңғы күндері де сырғып өтіп барады. Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күн қалды. Қазір мектептерде соңғы дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл маусымда 5-11 сынып оқушыларына білім беру мазмұнына сай бірқатар жаңа міндетті оқу курстарымен толықтырылады. Мәселен, 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі. 8-11-сыныптарда «Заң және Тәртіп»міндетті оқу курсы, 5-11-сынып үшін  «Жеке қауіпсіздік»міндетті оқу курсы енгізілмек. Ал, бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылып келген «Құқық негіздері»курсы барлық оқушылар үшін міндетті пәнге айналады.

Жаңашылдықтың бір парасын еліміздің бас мұғалімі атап өтті. Жұлдыз Сүлейменованың ақпарынша, бастауыш сыныптарда бағалау тәсілдері жаңартылды. Атап айтқанда, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау алынып тасталды. Диктант жазу, мазмұндама, шығарма, ауызша және практикалық жұмыстар секілді бағалау әдістерін мұғалім өзі таңдап, аралық бақылау формасы ретінде жүзеге асырады. Жалпы, биыл 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн шәкірт білім нәрімен сусындайды. 380 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алған аттамақ.

Алғашқы қыркүйекте елімізде 47 жаңа мектеп шәкірт қабылдауы қажет. Мұның  20-сы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Тағы жыл  соңына дейін өңірлерде  64 оқу ордасының  құрылысы аяқталуға тиіс. Алайда, жоспарлы жұмыс жүйесіз жүріп жатқан көрінеді. Жиында үкімет бірқатар өңір әкімдеріне ескертпе жасады. Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да облыстарда 13 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу.

Жаңа оқу жылында мектептердегі қауіпсіздік пен цифрландыру мәселесіне де көңіл бөлініп отыр. Бұл ретте, үкімет басшысы жасанды интеллект министрлігіне иендегі елді мекендердегі интернет мәселесін шешір, жоғары жылдамдықты желімен  қамтамасыз етуді жүктеді. Жиында студенттердің жаңа оқу жылына әзірлігі де талқыланды. Биыл жылдағыдай  елде жатахана тапшылығы болмайды деді ғылым және жоғары білім министрі. Саясат Нұрбектің сөзінше, 2026 жылы республикада  6 857 орынға арналған 18 жаңа жатақхана іске қосылады. Жыл соңына дейін тағы 11 нысан пайдалануға беріледі.

Авторлары: Кәмшат Мұхамеджан, Жандос Битабаров

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz