Жетісу облысының шаруалары бау-бақша өнімдерін жинап жатыр. Бүгінгі күнге дейін өңірдегі алқаптардан 30 мың тонна көкөніс алынды.
Дақылдарды өсіруге аймақ шаруаларының қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Былтыр олар 8200 гектардан астам жерді игерсе, биыл 8400 гектарға қауын-қарбыз бен көкөніс еккен.
Жетісу облысындағы алқаптардан 30 мың тонна бау-бақша өнімдері жиналды. Аталған дақылдарды өсіруге аймақ шаруаларының қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Былтыр олар 8200 гектардан астам жерді игерсе, биыл 8400 гектарға қауын-қарбыз және көкөніс екті.
Дәулет Нұрахметұлы былтыр Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңындағы 30 гектардай жерге қауын-қарбыз еккен. Биыл ол егістік алқап көлемін екі есе ұлғайтты. Көктемнен бері күтіп баптаған өнімін қазір көршілес өңірлерге жөнелтіп жатыр.
Дәулет Нұрахметұлы, бағбан:
- 60 күндік қарбыздарды Алтын ордаға жіберіп тастадық. Семейге, Өскеменге де жібердік. Қызылордадан хабарласып жатыр. Шымкенттің өзінде күннің ыстығына байланысты қарбыз бітіп, бізге шығып жатыр. Күнде 4-5 жүк көлігімен осында келеді.
Жетісу облысында биыл 1000 мың гектарға қарбыз, 200 гектарға қауын егілді. Өсірілген бақша өнімдерінің 65 пайызы Ақсу және Қаратал аудандарына тиесілі.
Ержан Сейітбеков, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
- Бүгінгі таңда 908 гектары жиналып, 30 мың тоннаға өнім жиналған болатын. Орташа өнімділігі гектарына 326 центнерді құрап отыр. Осы жиналған өнімнің 1800 тоннасы Ресей Федерациясына экспортталған болатын. Жалпы жыл соңына дейін 50 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.
Бау-бақша өнімдерін жинаумен қатар аймақта арпа-бидай ору науқаны да жүріп жатыр. Жергілікті шаруалар биыл 500 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылық дақылдарын егіп, ел ырысын еселеуге үлес қосты.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Жеңіс Әбдрешов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жетісу облысы #қарбызPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz