Астанада 21 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысы ашылды. Архивтегі қылмыстық істі қайта зерделеу және кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
2005 жылдың маусым айында елорда шетінен зорлықпен өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылған болатын. Сол кезде тікелей айғақтардың болмауына байланысты кінәлілерді анықтау мүмкін болмаған.
Биыл криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстық іс материалдарын қайта зерттеді. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын қалпына келтіріп, қосымша жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде полицейлер дәлелдемелер жинап, қылмысқа Павлодар облысының екі тұрғынының қатысы бар екенін анықтады.
«Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кісі өлтіргендерін мойындады. Қылмыстың мас күйінде болған жанжал кезінде жасалғаны анықталды. Екі күдікті де қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Астана #қылмыс #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz