RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанға 1 трлн теңгеден астам актив қайтарылды

19.08.2026, 10:35 38

Бұл – Үкіметтің Бас прокуратурамен бірлесіп атқарып жатқан жұмысының нәтижесі. Қайтарылған қаражат Арнаулы мемлекеттік қор арқылы халыққа аса қажет әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталып отыр.

Соның есебінен сумен жабдықтау жүйелері жаңадан салынып, кейбірі жаңғыртылды. Сондай-ақ мектеп, балабақша, медициналық мекемелер, спорт нысандары мен көлік инфрақұрылымы тұрғызылып жатыр. Бүгінге дейін елдің барлық өңірінде жалпы құны 617 млрд 700 млн теңге болатын 500-ден астам жоба қаржыландырылды.

Сұлушаш Байгулина, Ақмола облысы Садовое ауылының тұрғыны:

- Қайда барсақ та бөтелкелерімізді құшақтап жүретінбіз. Былтырдан бері ауылымызға су құбырын жасап, үйімізге кіргізіп жасап берді. Қазір рахат. Үлкен рақмет айтамыз.

Жайнагүл Дүйсебекова, Арқалық педагогикалық университетінің проректоры:

- Бұл біз үшін жай ғана жаңа ғимарат емес, бұл біздің жастардың сапалы білім алуына жаңа мүмкіндік деп ойлаймыз. Біздің университетіміз де жаңа кезеңге қадам басып жатыр. Биылдан бастап білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар, журналистика, ауыл шаруашылығы, бірқатар магистратура мамандықтарын да ашуды жоспарлап отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz