Астанадағы LRT-ның жаңа желілері екі көл мен бір өзеннің су қорғау аймақтары арқылы өтеді, деп хабарлайды 24KZ.
Елордадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының екінші кезеңі аясында жалпы ұзындығы шамамен 26,5 шақырым болатын екінші, үшінші және төртінші желілер салынады.
Экологиялық құжаттамаға сәйкес, екінші және үшінші желілер, сондай-ақ депо толығымен Астана аумағында орналасады. Ал төртінші желі Қосшы қаласының аумағы арқылы да өтеді.
LRT нысандарына ең жақын орналасқан су айдындары – Сарыбұлақ өзені мен Кіші Талдыкөл тобына кіретін №5 көл. Олар су қорғау аймақтарының аумағында орналасқан. LRT нысандары бұл су айдындарынан тиісінше 370 және 125 метр қашықтықта болады.
Тағы бір су нысаны – Талдыкөл көлі деподан 455 метр жерде орналасқан.
Ал Тассуат көлі су қорғау аймағынан тыс жерде орналасқан.
Тегтер #ЛРТ #Астана LRT #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz