Бас прокуратура сот шешіміне наразылық білдірді. Қаржы пирамидасын құрып, пайда тапқан астаналықтың ісі қайта қаралады, деп хабарлайды «24KZ».
Астана тұрғыны 2023-2025 жылдар аралығында қаржы пирамидасын ұйымдастырып, одан 337 млн теңге көлемінде табыс тапқан.
Тергеу мәліметінше, оның заңсыз құрған схемасына 6,2 мыңнан астам адам тартылған.
Сотта қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
Алайда Бас прокуратура сот тағайындаған жазаны тым жеңіл деп бағалап, сот актілеріне наразылық білдірді.
Кассациялық сот прокурордың наразылығы бойынша сот актілерінің күшін жойып, істі жаңа сот талқылауына жіберді, — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Осылайша, қаржы пирамидасын ұйымдастырған елордалықтың ісі қайта қаралады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Бас прокуратура #қаржы пирамидасы #сот үкімі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz