RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыты салынады

19.08.2026, 13:05 23

Қазір жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға дайындық жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта Премьер-министр Hunan Junxin Environmental Protection басшысы Дай Даогомен ынтымақтастықты кеңейту әлеуетін талқылады.

Зауыттың тәуліктік қуаты 2 мың тонна қалдықтарды қайта өңдейді. 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіреді. Көмір қышқыл газының қалдықтарын жылына 200 мың тоннаға азайтып, жыл сайын қоқыс полигонының шамамен 800 мың текше метр көлемін босатады. Құрылысқа 700 жұмысшы тартылса, өндіріс іске қосылғаннан кейін 120 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдарға бір айда бірқатар ірі қалада қалдықтарды кәдеге жарату кәсіпорындарын салу туралы келісімге қол қоюды тапсырды. Биыл мамырда экология және табиғи ресурстар министрлігі мен аталған  компания келісімге келіп, 145 млрд теңгенің инвестициялық жобасын жүзеге асыра бастаған.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz