RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Ресейде құрылыс алаңындағы өрттен Қазақстан азаматы қайтыс болды

19.08.2026, 16:13 44

Ресейдің Омбы қаласындағы құрылыс алаңында болған өрттен зардап шеккен екінші адам қайтыс болды. ТАСС мәліметінше, марқұм Қазақстан азаматы болған, деп хабарлайды «24KZ».

Ер адамның денесінің 70 пайызы күйіп, ол ауруханада ем қабылдап жатқан. Алайда алған ауыр жарақаттарының салдарынан көз жұмды.

Ресейдің Омбы облысы бойынша Тергеу комитетінің мәліметінше, өрт 15 тамыз күні таңертең «Кварталы Драверта» тұрғын үй кешенінің салынып жатқан ғимаратында болған. Өрт бірінші қабатта тұтанып, кейін жоғары орналасқан қабаттарға тараған.

Оқиға салдарынан барлығы 11 адам зардап шеккен. Олардың үшеуіне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем қабылдауға рұқсат берілген. Бұған дейін зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болған еді. Осылайша, өрттен қаза тапқандар саны екі адамға жетті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz