RU
Толық нұсқаға өту

Таразда 500-ге жуық көшеде асфальт жоқ

19.08.2026, 23:40 20

Арасында 30 жылдан аса күрделі жөндеу көрмеген жолдар да бар.

Биыл тозығы жеткен көшелерді толық жөндеп, тар жолдарды кеңейтуге 5 миллиардқа жуық теңге бөлінді. 

Қойгелді көшесінің 3,2 шақырымдық мына бөлігі 30 жылға жуық жөндеу көрмеген. Жол жабыны әбден тозып, шұңқырлар мен ойықтар пайда болған. Қазір жаңа асфальт төселіп жатыр.

Бауыржан Дүйсенбиев, қала тұрғыны:

- Бұрын жол шұқыр-шұқыр нашар еді. Мына жолдың айналма жолын да салып жатыр. Мынау айналма жолдар көлік кептелісін болдырмауға жақсы нұсқау қосып жатыр десек болады.

Ұзындығы 5 шақырымнан асатын Асқаров көшесіне екі қабат асфальт төселіп бітті. Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейінгі екі шақырым жол да күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ені кеңейіп, жаяу жүргіншілер жолы салынуда.

Мұратбек Есебаев, мердігер компания директоры:

- Бұл Рысбек батыр көшесі, көшенің ұзындығы 1,9 шақырым. Ескі асфальтын алып тастап, жаңа асфальт салдық. 7 метрден 12 метрге дейін кеңейттік көшені. Қосымша автотұрақ жасадық, халықтың сұранысы бойынша.

Таразда 1700-ден аса көше бар. Соның 500-ге жуығы жөндеуді қажет етеді.

Дамир Жаманбаев, қала әкімінің орынбасары:

- Бізде қазір қайта жаңғыртудан өткен көшеміз 7 көше. Ол былтырғыдан өтпелі. Қалған көшелер орта жөндеуден өтті. Биылғы жылға бөлінген қаражат  4,8 млрд теңге, 3 нысанымыз бар біздің, одан бөлек 10 көшеміз бар орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы 3 жылда бізде 375 көше жөндеуден өтті. Оның ішінде бізде өтпелі нысандарымыз бар. Жалпы 18 миллиардқа жуық қаражат жұмcалды.  

Келер жылы қалада 43 көше жөнделеді. Оның 38-і орташа жөндеуден өтсе, қалғанына жаңа асфальт төсемек.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz