68 жасында Қазақстанға танымал фототілші Юрий Зельманұлы Беккер дүниеден озды, деп хабарлайды 24KZ.
Қаралы хабарды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізіп, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен достарына, сондай-ақ Юрий Зельманұлын білетін барша азаматқа көңіл айтты.
Юрий Беккер көптеген жылдарын журналистикаға және Қазақстанның фотошежіресін жасауға арнады. Оның объективі елдің қоғамдық, саяси және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды, белгілі мемлекет қайраткерлерін, еңбек адамдарын және қарапайым азаматтарды таспаға түсірді. Оның фотосуреттері Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының бір бөлігіне айналып, өз дәуірінің адамдары мен оқиғаларын болашақ ұрпақ үшін сақтап қалды, - деп жазды министрлік.
Юрий Зельманұлының кәсіби жолының елеулі бөлігі «Казахстанская правда» газетінің редакциясымен байланысты болды. Ол өмірінің соңына дейін редакцияда еңбек етіп, өзі ғұмырын арнаған мамандығына адалдығын сақтады.
Тегтер #Юрий Беккер #фотожурналист #өмірден өтті #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz